Жамбылдағы жоғарғы оқу орнының шаруашылық қызметкерлері жалақының аздығына шағымданды

Айлығымыз аз, жалақымыз мардымсыз. Осылай деп Жамбылдағы жоғарғы оқу орнының шаруашылық қызметкерлері шу шығарды. Жаңа жылдан кейін жалақыны кесіп, қымбатшылық кезде тығырыққа тіреді, дейді наразы топ. Тақырыпты тілшіміз тарқатсын.Еңбегіміз лайықты бағаланбайды. Жалақымыз дымға жетпейді. Оқу орнының шаруашылық қызметкерлері осылай деп шағымдануда. Ол аздай жаңа жылдан кейін айлығымыздың 15-30 пайызын кесіп тастады деп отыр. Табысты көтеру талабы қойылғанына біраз болған. Тәттібек АХМЕТОВ, АҒАШ ҰСТАСЫ: 140 мың айлық алатынмын. 76 мың кеше алдым. Мынаның бәрі айтқысы келеді. Ертең жұмыстан шығарып жібере ме деп қорқады. Айтпағанда өлеміз бе, 76 мыңмен қалай өмір сүреміз. Үйде жұмыс істейтін бір-ақ адам. Сара ЖАНҚОЖАЕВА, ЕДЕН ЖУУШЫ: Демалысқа кетеді оның орын жуамыз. Больничныйға кетеді. Оның орнын жуамыз. Не үшін төленбейді. Ешқашан төленбейді. Ол ақшалар қайда кетіп жатыр Олжабай ЖАЙЛАУОВ, ЖҮРГІЗУШІ: Біздің гаражды жауып тастай ма? Или не істеп жатқанын бұлардың адам түсінбейді. Өмірі мұндай болған емес. Фарида ҰЛАНБАЕВА, ЖАТАҚХАНА КОММЕНДАНТЫ: Ректор бізді қабылдамайды. Осы уақытқа дейін шыдап келдік! Ашуға булыққан жұмысшылар ешнәрсені бүгіп қалмады. Бұл оқу орнында былық көп деді. Тіпті ақысыз еңбек демалысына шығарып, өздері қалаған уақытта шақырып алады деп күйінеді. Күн көріс керек көнеміз дейді. Оқу ордасының басшысы бұл мәселе айлықты қайта есептеуден туындады деп отыр. Өткен жылы негізгі айлыққа, үстемақы қосылып берілген екен. Енді сол берілмейтін болыпты. Жұрт жиналып, шу шыққан соң барлығын жедел түрде қайта қалпына келтіретіндерін жеткізді. Мұхтар БАЙЖҰМАНОВ, М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Бұған дейін алғаны, ол бұйрықтың күші 22 жылмен тоқтады, болды бітті. Енді 23 жылға жаңа бұйрық жасалып жатыр қазір. Негізгі жалақыларын алды, қосымшалары қазір кетеді. Бүгін бірден жібере саламыз. Барлығы есептеліп қойды. Алады, ол жерде ешқандай проблема жоқ. Айта кетейік, аталған оқу орнында 15 мыңға жуық студент білім алады. Мұның 25 проценті грантта, қалғаны мамандығына қарай ең төмені жылына 390 мың теңге төйлейді екен. Ал шаруашылық қызметкерлердің алдағы айлығы көтеріледі ма, жоқ па ол жағы айтылмады. Б. Жұмабай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бал ашуға тыйым салынады: Мыңдаған көріпкел мен емшілер құрықталды
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Үш рет аукционға шығарылған Қостанай әуежайы сатылмайтын болды
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін