Жаңа жыл қарсаңында базарға ағылған жұрттың қарасы қалың. Бәрі бірдей дастарханға қоятын азық-түлігін түгендеп жүр. Бағасы да аспандайтын шақ. Көпшілік қалтасына қарап көсілмейді. Жылына бір келетін мереке деп барын жұмсайды. Тілшілеріміз базарға барды, бағаны бағамдады.Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Базарда ығы-жығы адам. Әдеттегідей жаңа жыл алдындағы қарбалас. Мерекелік дастархан мәзірімен жүр көбі. Азық-түлікке сұраныс жоғары. Ал баға қалай, биыл өзгеріс бар ма? Жұрт әсіресе, не сатып алып жатыр екен? Қазір білейік.... - Азық түлік алдыңыз ба? - Алдым. - Не алдыңыз? - Алма, мандарин, банан, киви. - Бағалары қалай болып жатыр? - Енді қатты емес, бір 200 тг, 300 тг қымбаттылығы бар. - Иә бағалары қымбаттаған. Үйге керек азық-түліктерімізді алдық. Әрі кетсе 200 тг шамасында көтерілген. - Алдым 2-3 мандарин, 2-3 поднимошка все. Қымбатаған ғой общий барлығы қымбаттаған ғой. Көпшілік алып жатқан бұл өнімдер сырттан келеді. Мереке қарсаңында бағасы да аспандайды. Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік құнының 4-5 пайызға көтерілгенін депутаттардың сауалына жауап берген кезде айтқан. Оған халық қалаулылары сенбеді. Ерболат САТЫБАЛДИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Сырттағы импортты тәуелділікті төмендетеміз деп айтып жүргенімізге талай жылдар болды. Бірақ соңғы 5 жылда оң динамика жоқ. Әлі күнге дейін қажетті тауарлардың 70 пайызын сырттан импорттайды екенбіз. Ал бұл көрсеткіш әлеуметтік маңызы бар тауарларға келгенде, ол Ұлытау облысында 85 пайызға жеткен. Баға шарықтап барады. Біз сайлаушылармен кездескен сайын міндетті түрде осы сұрақ көтеріледі. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Министрліктің мәліметінше, 37 тауар түрінің бағасында өзгерістер бар. Мәселен, жұмсақ қаптамадағы сүт, мандарин, шампан сияқты өнімдер сәл қымбаттаған. Бірақ, жұрт оған қарап жатқан жоқ. Алып жатыр. Ал Атырауда базар бағамы қандай екен, оны әріптесім Базаргүл Нәдірқызы айтады. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Биыл Атырауда жаңа жылдық безендіруге бюджеттен 12 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Оған жаңадан 7 шырша орнатып, ілетін ойыншықтар мен жылтыр шамдар сатып алынған. Ал қала көшелерін мерекелік әрлеу жұмыстарына демеушілер көмектесіпті. Осылайша мемлекеттік сатып алу конкурсқа ұсынылған 19 миллионнан 7 миллион теңгені үнемдедік,- дейді атқамінерлер. Алайда қарапайым халық жаңа жылдық мерекеден еш үнемдемейміз,- деп отыр. Қаладағы ең ірі сауда орнында әзірге қатты қарбалас байқалмайды. Дегенмен базардағы көпшілік алдымен ет сататын сөрелерді жағалап жүр. - 31-іне балаларым келеді. Қыздарым-күйеу балаларым келеді деген сияқты. Соларға ет алайын деп жатқаным ғой. Жемістер аламын, тәтті тамақтар аламын. Жеткіземін ғой бірдеңе етіп. - Жаңа жылға жақсы дайындық. Қазір қымбат қой бәрі. Еттің өзі 8 келі етің 30 мыңға шығып тұр. Амал жоқ аламыз. Немерелерге бәріне сыйлық алып, біршама кетті, 50 мыңдай сыйлыққа кетті балаларға.Дастарханға 200мыңның үстінде кетеді, қымбат қой бәрі+Отбасылық мереке, немерелермен, өзіміз, семьямызбен қарсы алайын деп жатырмыз. Замира БАЗАРБАЕВА, САТУШЫ: Жооқ, көтермейміз, сол баяғы баға ғой. Көтермейміз. Халық бағаға қарайды. Бірақ кейбір заттар қымбатау болып келеді мәскеулік тауарлар, Өзбекстандық тауарлар арзандау болып келеді. Халық өз қалтасына қарап алады. Ал азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқандарға айыппұл салынады. Тиісті мамандардан құралған комиссия қазір аптасына бірнеше рет мониторинг жүргізіп жүр. Ризабек МҰСАҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарлар бар 19 түрлі солардың бағасын өсірмеуін қатаң қадағалау жөнінде ұсыныс бердік. Қазіргі таңда олар басшыларында қадағалау бар. Біздің қосымша мониторинг топ мүшелері қадағалап жүр егер өзінің алған бағасынан 15 пайыздан асқан жағдайда оған шара қолданатын боалды, айыппұл салынады. Дегенмен өткен аптада сиыр, тауық еті мен жұмыртқа қымбаттаған. Тасымалдаушылар логистикалық шығынды қосыпты. Өйткені сиыр еті 60, ал тауық пен жұмыртқаның 100 пайызы өзге өңірлерден тасымалданады. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Аймақ тұрғындары тұтынатын жеміс-жидек пен көкөністің де импорттық өнім екенін ескерсек, жаңа жылда атыраулықтар әлі біраз қалта жұқартатыны сөзсіз.