Жаңа жылда шоколад мен спирттік өнім сыйлауға болмайды

2023-тің елімізге берген тарту-таралғысы аз болған жоқ. Саясат пен экономика өзінің сүрлеуімен сырғыды, спортымыз да, мәдениет пен өнеріміз де өрісін кеңейтті. Әлеуметтің әл-қуаты да жаман емес. Ең бастысы, ел іргесі бүтін. «Кешегіден бүгін тәуірмін» деп сөйлейтін тәубешіл ұлттың ұрпағы ретінде өткен жылға өкпе жоқ. Жаңа жылға төрт күн қалды. Барлық жерде ығы-жығы халық. Арна тілшісі Аружан Задабек қалаға шығып, халықтың көңіл-күйін біліп келді. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Түсіріліммен базарға келгенбіз. Сөйтсек мұнда адам көп. Барлығы жаңа жылға дайындалып жүр екен. Бірақ бізде демалыс жоқ. Сондықтан осы түсірілімді пайдаланып, мен де мерекеге қажетті заттарымды алғым келіп тұр. Ендеше, құрметті көрермен, жақындарымызға бірге сыйлық іздейік! Нұрлан ТҰРҒАНБАЕВ, САТУШЫ: - Ең көп өтіп жатқан тауар қандай? - Ең көп елка кетеді. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Жаңа жыл қарсаңында ең көп өтетін тауар түрі – отшашу. Әрине, бізде қазір Үкімет барынша отшашуларға қарсылық танытып жатыр. Өйткені үлкен қауіп төнуі мүмкін. Десе де. Базардың әр бұрышынан бұл тауарды табуға болады. Өкініштісі, сатушысы бізді көріп қашып кетті. Ұстай алмадық. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Жаңа жылды жұртшылық асыға күтеді. Үлкені де, кішісі де жақсылыққа сенеді. Дәл қазір базарға сабылған жұрт көп. Олардың барлығы барлығы сыйлық алып жүр. Олардың мақсаты бір – бір-бірін қуанту. БЛИЦ-САУАЛНАМА: – Жаңа жылға дайындық қалай болып жатыр? – Жақсы. Сыйлық алып үлгердіңіз ба? – Иә, алдым. – Неден бастадыңыздар дайындықты? – Жұмыстан демалыс алудан. – 10 күн бұрын демалыс алдып, уже тойлап бастап жатырмыз. 300 мың кететін шығар. – Отбасыңызбене қарсы аласыз жаңа жылыңызды? – Әртүрлі. – Биыл кіммен қарсы аласыз? - Ағамның отбасымен. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Осы сәтті пайдаланып мен де сыйлық алуға келдім. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, дәл қазір косметика мен парфюмнің саудасы қызып тұр екен. Жұрттың көбі осы тауарларды сыйлық ретінде көп алатын көрінеді. Айтпақшы, айта кеткен жөн, сыйлық ретінде ұсынуға болмайтын тауарлардың арасында тәтті шоколод пен спирттік өнімдер бар. Нұрлан МАМИЕВ, САТУШЫ: Новый годта негізі корпоративке барады, аяқ киім алатын бұл кезде тыңбай. 10 жыл болды ғой. Жылдағынан нашар да негізі. Вообще слабый. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Мені бір орманда жүр деп ойлап тұрсыздар ма? Жоқ, бұл орман емес. Астанадағы белгілі-бір базардың көрінісі. Мұнда тірі шыршаларды сатып жатыр. Тіпті оны алушылар да көп екен. Құрман, КӘСІПКЕР: -Қайдан алып келесіздер ол шыршаларды? – Ресейден. – Бұл қанша уақыт тұрады үйде? – Ағашқа байланысты. Қарағайлар ұзақ тұрады. Шыршалар ыстықты жақтырмайды, батарейдің қасында тұрса. Сол үшін тез тозып кетеді. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Әр адам жыл аяқталар тұста биыл не істедім деп өзіне есеп береді. Келер жылға жоспар құрады. Жаңа жылда мақсат-армандарым орындалсын деп тілек тілейді. Алдағы жылдан жақсылықтар, игі өзгерістер күтеді. Өмірді адамға қызықты, тартымды ететін де ертеңгі күнге деген үміт. Ендеше, жаңа жыл жақсылығымен келсін!

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады