Жаңа жылдың жақындап қалғанын Шымкентте автобусқа мінген жолаушылар сезіне бастады

Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушісі қала тұрғындарына жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап жүр. Мегаполисте дәл қазір қар еріп, жаңбыр сіркіреп тұр, қыстың сәні болмаса да, жұртшылық автобус ішінде бөлек әсерге бөленуде. Шымқалалалықтарға жасалған тосын сыйға әріптесім Айзада Төребекқызы куә болды.Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Қоғамдық көліктің іші ерекше безендірілген. Түрлі-түсті жылтырақтар, әртүрлі әшекейлер бірден көз тартады. Мерекелік көңіл-күйді әсем ән әрлей түскен. Автобус ішіндегі атмосфера мүлдем бөлек. Жолаушылардың мерекелік көңіл-күйді сезінгендері жүздерінен аңғарылады. Әлбетте, жаңа жылдың сәнін автобус жүргізушісі аша түскен. Ол жаңа жылдың басты кейіпкері - Аяз атаның кейпінде. Аяз ата тақпак айтқан балаларды қуантып, сыйлығын үлестіруде. Тақпақ айтқан балалар ғана емес, ересектердің өзі қоғамдық көліктен құр қол түспеді. «Ақша қар» яғни кондуктор автобусқа мінген әрбір жолаушыға тәтті үлестіріп беруде. Автобус жүргізушісі Ғалымжан Сатыбекұлы биыл екінші жыл көпшілікті қуантып жүргенін жеткізді. Ғалымжан САТЫБЕКҰЛЫ, АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ: Біздің мақсатымыз халықтың көңіл-күйін көтеру. Халқымызға жақсы көңіл-күй сыйлау. Құдай қаласа, қоян жылы кіріп келе жатыр. Қоян жылы айтатыным халқымыз аман болсын. Деніміз сау болсын. Қоян жылы берекелі болып келсін қазақ елімізге. Қоғамдық көлікке мінгендер автобуста әсем ән тыңдап қана қоймай, Аяз атамен суретке де түсіп жатыр. Шымкентте бүгін таңнан бастап аздап жаңбыр сіркіреп тұр. Қар жоқ. Көпшілік Жаңа жылдың келіп қалғанын сезбесек те автобустағы әсер бөлек деп ағынан ақтарылды. Ерекше безендірілген автобусқа кездейсоқ мінген жолаушылар барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап та үлгерді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Жүргізуші «Аяз ата», кондукторымыз –«Ақша қар» боп киініп жатқанына өзіміз көңілді болып отырмыз. Өзім керемет сезініп те отырмын тіпті түсіріп те алдымда.. барлықтарыңызды Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Құтты болсын Жаңа жылымыз, қоян жылы! - Жақсы әсерде отырмын. Және айтам, Жаңа жылдарың құтты болсын. Өмрлерің ұзақ болсын. Әрдайым күліп-ойнап жүре берейік. - Жаңа жыл құдай қаласа бәрімізге құтты болсын. Жаңа жылда жаңа табысқа жете берейік құдай қаласа. Барлықтарыңыздың семьяңызға бақыт, құдай қаласа 2023 жылы қоян жылы жақсы жыл болсын. Еліміз аман болсын. Соғыс болмасын. - Мен қатты таң қалдым. Автоусты керемет безендіріп қойыпты. Ақша қарды қоғаамдық көлікте жолықтыру ерекше әсер сыйлады маған. Мерекенің лебі кәдімгідей есіп тұр. Өте қуаныштымын. Шымкентте осы секілді жаңа жылдық безендіруі бар жалпы 12 бағытта 12 автобус жүріп жүр. Ерекше қуаныш сыйлауды дәстүрге айналдырған компания басшысы балаларға базарлықты өз атынан алыпты. Айта кетейін, ерекше автобустар шымкенттіктерге 31-желтоқсанға дейін ерекше әсер сыйламақ. А. Төребекқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады
Насыр – үздік баяншы
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Түркі жұртына ортақ тұлға
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады
Тұрғындарды алаңдатқан сауалдар
100-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі елден шығарылды
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған