Еңбек министрлігі 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрықпен жаңа редакцияда кәсіби мерекелердің тізбесін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.Сонымен тізімге кімдердің мерекесі қосылды:Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні - 7 сәуір;Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері күні-16 сәуір;Метрология қызметкерлері күні-20 мамыр;Ветеринариялық қызметкер күні-10 шілде;Аңшылық жұмысшылар күні-қыркүйектің бірінші сенбісі;Жоғары білім беру қызметкерлері күні-1 қазан;Стандарттау қызметкерлері күні-14 қазан;Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні-18 қараша.