Жаңа мектептер қандай болуы керек? Премьер-министр жауабы

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабта қолайлы оқу жағдайлары бар 1,5 миллион оқушы орнын ашу мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың баяндауынша, 2020-2022 жылдары республикада түрлі қаржыландыру көздері есебінен 340 мың оқушыға арналған 626 мектеп пайдалануға берілген.Биыл 130 мың балаға арналған тағы 146 мектеп ашу жоспарланып отыр, оның 62-сі сыбайлас жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен салынбақ.Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру басталды, оның аясында 2024-2025 жылдары 740 мың оқушыны қамтитын жаңа форматтағы 369 мектеп салынбақ.Бұл оқушы саны тым көп сыныптар, апаттық мектептер және үш ауысыммен оқыту мәселесін түпкілікті шешуге мүмкіндік береді деп күтіледі.Премьер-министр ұлттық жобаны іске асыру аясында мердігерлік ұйымдар мен жер учаскелерін анықтау, сондай-ақ, қажет жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау жөніндегі жұмысты жеделдету қажетін атап өтті."Жер учаскелерінің дайындығы бойынша құрылыс жұмыстарын дереу аяқтау қажет. Бұл инфрақұрылым, жолдар және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге қатысты. Әр өңір бойынша тиіс жол карталары дайын, осы мәселелердің барлығын жедел шешу қажет", - деді Әлихан Смайылов.Әлихан Смайылов сапалы интернетсіз жайлы мектептер өз атауына сай болмайтынын баса айтты."Тапсыру кезінде жаңа мектептер сапалы интернет байланысына қосылуға тиіс", - деді премьер-министр.Жайлы мектептерде еңбек ететін білікті мұғалімдерді даярлау туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндады. Оның айтуынша, алдағы жылдары жақсартылған стандарттар бойынша жаңа формациядағы 49 мың педагог даярлау жоспарланып отыр.Үкімет басшысы жаңа білім ордалары тек жарақтандыру бойынша ғана емес, сондай-ақ білім сапасы бойынша да мықты болуға тиіс екенін атап өтті."Жайлы мектептерге қойылатын талаптар мен азаматтардың оларға қатысты үміті көп, сондықтан онда сапалы кадрларды жұмысқа алу мәселесіне барынша назар аудару қажет. Себебі мектеп дегеніміз - жай ғана ғимарат емес, ең алдымен, балаларды білімге жетелейтін мұғалім", - деді Әлихан Смайылов.Оқу-ағарту министрлігіне ұлттық жобаның іске асырылу барысына күнделікті бақылау жүргізу, проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын көрсете отырып, атқарылып жатқан жұмыс туралы Үкіметке ай сайын хабарлап отыру тапсырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көкшетауда Ұлттық ұлан сарбаздары адам өлтірген күдіктіні ұстады
Экс-депутаттың ұлы "Елімаймен" Түркияға аттанды
Астанада жол апаты болды: зардап шеккендер бар
Керлингтен қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Стюардессамен сөзге келген спортшы рейстен түсірілді
Чехияда мейрамхана жарылды: алты адам қаза тапты
Былтыр 85 экстремистік қылмыс анықталды
«Барселона» ойыншысы Рональд Араухо «Реал Мадридке» қарсы ойнаудан бас тартты
Моңғолия халқы үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде
Қазақстанда өмірде бар, құжатта жоқ ауылдар бар болып шықты
Астанада жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
Қонаевтың туған күнінде 80 отбасы баспаналы болды
«Зорлап, жалаңаш күйде далаға тастап кетеміз»: Ақтауда бір топ ер адам азаптаған марқұм қыздың құрбысы сұмдық жайт туралы айтты
IX қысқы Азия ойындарының билеттері ресми сатылымға шықты
АҚШ-та Хабиб Нұрмағамбетов ұшақтан түсірілді
Біршама өңірде тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Трамп Украинадағы соғысты бір күнде тоқтату туралы шешімін неге өзгертті?
IX қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты
Қазақстандықтар Қытай университеттерінде тегін оқи алады
Діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Мегаполистерде алдағы екі күнде ауа райы қандай болады
Хабибті Лос-Анджелеске бара жатқан рейстен түсіріп тастады 
Илон Масктың компаниясы үшінші адамның миына чип орнатты