Жаңа оқу жылында Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылады - министр

Жаңа оқу жылынан бастап барлық білім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысын бастайды. Бұл туралы елордада өтіп жатқан республикалық тамыз кеңесінде аталған министрліктің басшысы Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Орта білім беру мазмұнын одан әрі жетілдіру жұмыстары жалғасып келеді. Осы жылы оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілді. Алғаш рет ауыл мектептері мен шағын жинақты мектептерді қолдау жұмыстарын бастадық. Бұл жоба пилоттық режимде Ақтөбе облысында жүзеге асырыла бастады. Оның мақсаты - инновациялық әдістерді пайдалана отырып, ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім беру сапасының алшақтығын қысқарту», - деді Ғ. Бейсембаев. Оның айтуынша, оқушылардың әлеуетін дамыту үшін былтыр заңнамалық деңгейде халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына және оларды дайындаған педагогтерге материалдық сыйақы төлеу нормасы енгізілді. «Мәселен, өткен оқу жылында қазақстандық оқушылар 312 медаль (43 алтын, 95 күміс және 174 қола) жеңіп алды. 27 жеңімпаз және 26 педагог 500-ден 1500 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы алды. Әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларына ерекше назар аударылып отыр. Қазір 421 оқушыға «Білім-инновация лицейінде», «Дарын», Республикалық физика-математика мектептерінде оқуға мүмкіндік берілді», - деді министр.Оның сөзіне қарағанда, биылдан бастап тәрбие жұмысының рөлін күшейтуге көп көңіл бөлінбек. Осыған байланысты, жаңа оқу жылынан бастап барлық білім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысын бастайды. Олардың басты басымдықтары – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы бойынша жұмысты күшейту және ата-аналардың позитивті мәдениетін дамыту. «Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталды. «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырыла бастайды. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. Біз оқу сауаттылығының рөлін күшейтуге, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап арқылы тәрбиелеуге көп көңіл бөлеміз. Қазір білім беру ұйымдарындағы көркем әдебиет қоры 3,7 млн данаға ұлғайды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Балалар кітапханасы» жобасы іске асырылып жатыр. Оның аясында мектеп кітапханаларының қорын отандық және әлемдік әдебиеттің үздік үлгілерімен толықтыру жоспарланып отыр. Бұл жоба ұлттық құндылықтар негізінде балаларды тәрбиелеуге және жалпы кітапқа деген қызығушылықты оятуға бағытталған», - деді Ғани Бейсембаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Головкиннің командасындағы қазақ боксшы Кличконың бапкерінен «қашып кетті»
Қазақстан Универсиадада екінші қарсыласын ірі есеппен жеңді
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
Биылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды
Алматыда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі тексерілді
Адам өміріне ара түскен дәрігерлер
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Алматыда шоқындыру рәсімі күні суға түсуге арналған 10 орын белгіленді
Алматыда Ішкі істер министрі Тәлімгерлер кеңесімен кездесті
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Былтыр еліміз тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткішке қол жеткізді
Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі білім берудің халықаралық тәжірибесін меңгерді
Пәтер бағасы тағы қымбаттауы мүмкін
Елорда колледждерінде «Жас еңбекшілер» жобасы іске қосылды
Депутат: 2 мың баламен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтің айлығы - 118 мың теңге
«Технологиялық хайп»: депутат көлікті 5 минуттан артық қыздыру нормасына қатысты пікір білдірді
15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жел күшейіп, тұман түсіп, қар жауады
Нартай Аралбайұлы еден жуушы, вахтер, аспаздың жалақысын көтеруді ұсынды
Түркістан облысында полиция жол бойында жолаушыдан 2 келі есірткі тәркіледі
Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады – ауа райы болжамы
Президент Оңтүстік Корея екінші әрекетте тұтқындалды