Жаңа Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің берген тапсырмаларын орындайтынын айтты, деп хабарлайды ASTANA тілшісі.Құрметті Президент мырза! Сіз берген ауқымды тапсырманың барлығы мүлтіксіз орындалады. Жаңартылған Үкіметтің құрамы оған дайын. Мәселелердің сәнінен гөрі мәніне көп назар аударамыз. Нақты іспен айналысамыз. Нәтиже болады деп уәде беремін, - деді Бектенов кеңейтілген отырыстың соңында.