Жаңа туған сәбидің бет-аузын тілгілеген кім?

Сәбидің бет-аузын тілгілеп, қан шығарды. Әлеуметтік желіде тараған видео жұрттың төбе шашын тік тұрғызды. Кейбіреулер бұл халық емі десе, енді біреулер оның анасын да, маңдайды тілген маманды да жерден алып, жерге салуда. Оқиға қайда болды? Бұл қаншалықты дұрыс? Толығырақ тілшіміз тарқатады.Бұл бейнежазба көптің ашуын туғызды. Жаңа туған сәбидің бет-аузын тілгілегендер еш қымсынбай «Қой ауруының» бір түрі деп жазып қойған. Жұрттың бірі оны қолдаса, енді бірі «орталықты жабу керек» дейді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Мынау несі енді? Жаңа туған сәби зауыттан жаңа шыққан машина ғой прямо! - Жүректі зырқ еткізді ғой. Неткен қатыгездік. Сәбидің нервтері қиылып қалмай ма? - Хиджама...Мүмкін баланың ауруы бар шығар, осы тәсілмен емдеуді қажет ететін. Оқиға Атыраудағы хиджама орталығында болған. Бұл қалыпты жағдай дейді директоры. Айтуынша, қой ауруын қиып емдеу қазақта бұрыннан бар. Айбат БАҚТЫҒАЛИЕВ, ХИДЖАМА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Көбі біле білсе, ол Батыс жақта кең таралған. Бұрын балалар ауырып, омырау алмай, қатты жылап жатады. Сол кезде бір ырымдап тиынмен солай тіліп-тіліп жібереді. Бала дүниеге гепоксия деген аурумен диагнозбен дүниеге келеді. Ол баланың орысша айтқанда кислородное голодание, яғни басының клеткаларына қан жетіспей жатады. Ата-бабамыз осылай тілгілеп қан жүргізген. Орталық директорының айтуынша, ай сайын мұнда 200-ге жуық бала келеді. Бұған дейін ешкімнен шағым түспеген. Ал дәрігерлер әлеуметтік желідегі видеоны көріп жаға ұстағандарын айтады. Жанар ИБРАГИМОВА, ПЕДИАТР: Гипоксия деген диагноз емес ол. Ол әртүрлі аурудың әсерінен пайда болатын гипоксия. Кислородтың жетіспеушілігі мысалы, жаңағы жетіспей туылған балаларда тағы да пневмания кездесетін состояние деп айтсам болады. Қан шығару деген ем жоқ. Балаларға мүлдем болмайды. Категорический нету такого. ВОЗ-да ол қолданбайды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайдың назарға алынғанын хабарлады. Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Дәстүрлі емес медицинамен айналысатындардың лицензиясы болуы керек. Ал хиджама лицензияланған медицина қызметіне жатпайды. Сол себепті аталған факт бойынша комитет тергеу жүргізетін болады. Алдағы уақытта мәселені тереңірек қарастырамыз. Облыстық полиция департаменті де бұған қатысты тексеріс жүргізуде. Ә. Дүкембаева

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Үш каратэшіміз әлемнің үздіктері қатарына енді
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Балқашқа былтырғыдан 4 млрд текше метр артық су жіберілді
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды