Жаңа түскен келінге балта ұстатып, күріш шашу қандай дәстүр?

Әлеуметтік желіде ерекше дәстүр қызу талқыға түсті. Видео Instagram-да тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.Желіде тараған видеода жаңадан келін болып түскен қалыңдықтың алдына тақтай мен балта қойылып, келген адамдар келінге күріш шашады. Видеоны көрген адамдар бұл қандай дәстүр екенін түсінбей дал болған. "Жасымыз 60-қа келді, мынадай ырымды жаңа көріп отырмын. Осы не болса соны ырым қылып алатыны несі? Біз қазақта жоқ. Не болса соны қолданбаңыздар. Қуғыншылар келісім берсе осылай деп біреу жазыпты. Ал бермесе балтамен басын жар деген ба? Күлкілі"."Ой қазақтар-ай, неше түрліні шығарып қайтесіңдер? Одан да екі жастың арасына түспей, екі жас бақытты болсын деңіз"."Ойбай, балта бергені несі? Бүкіл үйдің тірлігін өткізген сияқты ғой мына келінге"."Бұндай салт қазақта болмаған. Кім шығарған? Жас отауға балтаның қажеті не?", - дейді Желі қолданушылары.  Белгілі этнограф Болат Бопайұлының сөзінше, қазақта мұндай ырым да, дәстүр де жоқ. "Балтаны той салтына істетпейді. Қазақта қылыш, пышақ, балта жүзінде серттесу деген ырым бар. Егер сертті бұзса, сол өткін құралдармен басын кеседі деп серттесетін. Ондай ырымды жаңа түскен жас келінге қолданбаған", - дейді этнограф. Расында, бұл қырғыз халқының салты болуы мүмкін. "Отырған жерінен орын тапсын деген тілекпен балта қояды. Ал күріш шашуының мақсаты - оны бір-бірлеп теріп, шыдамды болуы керек деген оймен жасалады. Келін отырып, күрішті жинайды. Барлығы жақсылық үшін жасалған ырым", - дейді видеоға пікір жазғандардың бірі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шетелдіктерге тәркіленген Қоспаев ҰҚТ мүлкін сатпақ болған - ҚМА
«Челси» клубы «Астанаға» қарсы ойнайтын құраманың тізімін жариялады
Алматы тауларында алғаш рет бұлақтарды абаттандыру жұмыстары аяқталды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Әкесі жақсы қандайды