"Жаңа түсімнің сапасы нашарлап, өнімнің жартысынан көбі шіріп кетті",- ауыл шаруашылығы вице-министрі

Биыл аграрлық салаға ауа райы мен келеңсіз табиғи факторлар айтарлықтай залал келтірді. Шегірткенің шабуылы, ақбөкендердің егіс алқаптарын таптап тастауы, қуаңшылық шаруаларды әбігерге салды. Ал күзгі астық жинау кезіндегі толассыз жауын жығылғанның үстіне жұдырық болды. Өткен жылы бұл уақытта егін алқабының жартысынан көбі қамбаға толса, биыл тек 40 проценті жиналған. Серік ЕГІЗБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Осы факторлардың барлығы мал өсірумен айналысып отырған шаруашылығымыздың алдағы қыстауына және көктемгі егістік науқанына әсер ететіні сөзсіз. Қалыптасқан жағдайға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметке астық өндірумен айналысатын фермер және шаруа қожалықтарына қаржылау және өзге де көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Жауаптылар қолайсыздықтың алдын алып, шаруаларды жан-жақты қолдадық деп отыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, арзан бағада дизель отыны беріліп, шаруаларды қаржылай қолдау үшін 140 миллиард теңге бөлінген. Алайда, қолайсыз ауа райының кесірінен жаңа түсімнің сапасы нашарлап, өнімнің жартысынан көбі өніп, не шіріп кетті дейді. Әбілхайыр ТАМАБЕК, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Бүгінгі таңда Республика бойынша барлық дәнді және дәнді - бұршақты дақылдар 6,9 млн гектарда немесе жалпы алаңның 40 пайызында жиналды. Орташа өнімділік гектарына 9,5 центнер болғанда 6,6 тонна астық бастырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт бұзылуы мүмкін
Астанада ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
Теміртауда өзен бетіндегі мұз жарылып, суға түсіп кеткен бала мерт болды
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Дубайда өткен жарыста ақтөбелік сәйгүлік Нугул жеңіске жетті
Дзюдодағы «юко» ұпайы қайтарылады
20,7 млн теңге: Қостанай облысының әкімдігі Арқалық әуежайын сатып алды