“Өзгеріс жоқ жерде ақыл өледі”. Үкіметтегі ауыс-түйіске қатысты саясаттанушылар осындай пікір білдірді. Зерттеу институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова жаңа жас премьер-министр жақсы нәтиже көрсететініне сенімді. Министрлер, ең алдымен, экономиканың әлеуетін арттыруға басымдық беруі керек деп санайды. Өйткені бұл бағыттағы жұмыс ілгерілесе, ерекше назарды қажет ететін медицина мен білім оң динамикаға ойысары сөзсіз. Яғни, саланы дамыту арқылы әлеуметтік мәселелерді реттей аламыз, - дейді. Айгүл СӘДУАҚАСОВА, ҚОЛДАНБАЛЫ ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жаңа Премьер-министр - жас буын, білімді және ұтқыр, алғыр деп те айтуға болады. Биографиясын да көріп отырмыз, қоғамдық өзгерісті де байқап отырмыз. Осыған байланысты игерілетіп, соған сай механизмдерді алға тартып, соларды тез арада іске қоса білсе, онда әрине, айтылған мақсаттар да, қойылған талаптар да, үміттер де ақталады деп ойламын. Жаңа премьер-министр бұған дейін Үкіметте жұмыс істемеген. Бұл сала - басшы үшін жаңа қадам. Демек оған жүйеге ел қалаған жаңашылдықты енгізу қиындық тудырмайды. Сарапшылар мұнын ерекшелік екеніне тоқталып, зор үміт күтетіндерін жеткізді. Сондай-ақ Олжас Бектенов бұған дейін антикорда жұмыс істегенін ескеріп, жемқорлыққа күрес күшейе түсуі мүмкін, - дейді. Талғат ҚАЛИЕВ, ҚОЛДАНБАЛЫ ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Президенттің бірталай айтқаны бар. Талай сын айтты. "Сендер жаңадан жұмысты құрастыра алмайсыңдар, жаңа экономикалық модельдерді ұсынбайсыңдар" деген сын бар еді. Қазіргі Үкімет сол айтылған сөздердің бәрін құлаққа алып, жұмысты жаңадан жасау керек деп ойлаймын.