Жаңа Үкіметтің құрамы жасақталды. Мемлекет басшысының жарлығымен Айбек Дәдебаев Президент әкімшілігінің басшысы бопып тағайындалды. Ол бұған дейін Президенттің Іс басқарушысы қызметін атқарды. Ал Роман Скляр Үкімет басшысының бірінші орынбасары лауазымына қайта кірісті. Премьер-Министрдің орынбасары әрі Үкімет Аппаратының Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев та өз орнына қайта отырды. Мұрат Нұртілеу - Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымын сақтап қалды. Премьер-Министрдің 2 орынбасары Тамара Дүйсенова мен Серік Жұманғарин де қайта тағайындалды. Сонымен қатар, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтегі өз орнына қайта отырды. Әділет министрі Азамат Есқараев пен Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев те бұрынғы қызметінде қалды. Ал Қаржы министрлігіне Мәди Тәкиев жаңа басшы болды. Денсаулық сақтау министрі лауазымына Ақмарал Әлназарова келді. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де өз орнына қайта отырды. Төтенше жағдайлар министрі болып Шыңғыс Әрінов тағайындалды. Ұлттық экономика министрлігіне Нұрлан Байбазаров жетекшілік етеді. Ерлан Нысанбаев Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен сондай-ақ, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, су ресурстары және ирригация министрі Нуржан Нұржігітов өз орнында қалды. Айбек ДӘДЕБАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ Роман СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Ғалымжан ҚОЙШЫБАЕВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - ҮКІМЕТ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ Мұрат НҰРТІЛЕУ - ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ Тамара ДҮЙСЕНОВА – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Серік ЖҰМАНҒАРИН – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ – ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ Ержан СӘДЕНОВ – ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ Ғани БЕЙСЕМБАЕВ – ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ Азамат ЕСҚАРАЕВ – ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ Мәди ТӘКИЕВ – ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ Ақмарал Әлназарова – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ Айдарбек САПАРОВ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ Бағдат МУСИН – ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ Шыңғыс ӘРІНОВ – ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ Нұрлан БАЙБАЗАРОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ Ерлан НЫСАНБАЕВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ