Жаңа Үлкен Алматы айналма жолы маңында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бүгін таңертең Kia көлігінің 29 жастағы жүргізушісі Алматы - Көкпек - Көктал тасжолында рөлді тізгіндей алмай, Үлкен Алматы айналма жолына апаратын жолға шыққан. Осыдан кейін ол жаяу жүргіншіні - 51 жастағы ер адамды қағып кеткен. Ал кейін жеңіл көлік жол бойында тұрған ЗИЛ суаратын көлігіне соғылды.Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм суару көлігінің жүргізушісі болған."Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші, сондай-ақ, KIA көлігінің 42 жастағы жолаушысы сол жерде қаза болды. Сонымен қатар, жеңіл автокөліктің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды, ол да есін жимастан, қайтыс болды", - деді полиция.Сонымен қатар, дене жарақатымен Алматы қаласының ауруханасына тағы бір Kia жолаушысы жатқызылды."Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Талғар ауданының полиция басқармасында тіркелген. Қазір барлық қажет жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп қорытындылады Алматы облысының Полиция департаменті өкілі.