«Жаңа Заң еліміздегі отбасы институтын нығайтуға септігін тигізеді»,- сарапшы

Жаңа Заң еліміздегі отбасы институтын нығайтуға септігін тигізеді. Сарапшылар күні кеше ғана тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін нормалар жайлы осылай деп пікір білдірді. Енгізілген өзгертулер мен түзетулер кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтады. Енді оларға қатысты қиянат жасаған адамға жеңіл жаза тағайындауға тыйым салу көзделген. Жаңа Заң аясында балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдатылмақ. Бұдан былай - кәмелетке толмаған балаға аса қатыгездікпен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген адамға бас бостандығын екі жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан екі жылға айыру жазасы қолданылады. - педофилияға өмір бойына соттау жазасы белгіленеді. - кәмелетке толмағандарды жәбірлегені, яғни, буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Айман ОМАРОВА, ЗАҢГЕР: Кішкентай балаларды зорлау деген, педофилия деген ұлғайып кетті. Жасөспірімдерді егер де зорлайтын болса немесе сол зорлық-зомбылық сияқты сипаттау әрекеттері болса, өмір бақи түрмеде отыратын болады. Альтернатива жоқ. Бұрын альтернатива болған. Зерттеулерге сәйкес, 11-15 жас аралығындағы балалар буллингке ұшыраса, олардың мектепті сәтті аяқтау көрсеткіші 13 процентке төмендейді. КТМ: Енді білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті. Бұдан бөлек тиісті органдар балалар бар мекемелерді кедергісіз тексеру құқығына ие болды. Баян ЖАНДОСОВА, «ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Буллинг, кибербуллинг желіде көп болып кетті ғой балалар өздерін-өзі түсіріп ұрған-соққанын. Қазір енді айыппұл ата-аналарына салынады. Жазда демалатын лагерьлар да лицензия алу керек. Содан кейін айтпай сол мекемелерге тексеру болатын болды қазіргі осы Заң бойынша. Сондай-ақ Заңға сәйкес, отбасы мүшелерін қорғау мақсатында сотқа аса қажет болса, олардың бір шаңырақ астында тұруына тыйым салу құқығы беріледі. Ақнұр ИМАНҚҰЛ, ҚҚДИ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ: Отбасы институтының қаншалықты берік екенін тексереді бұл Заң. Отбасы бала үшін ең қолайлы әлеуметтену ортасы. Баланы бірден тартып алмайды ғой. Онда тексеру жұмыстары болады, ата-анаға диагностика жасалады. Ол- ұзақмерзімді процесс. Сондықтан да ондай қарама-қайшы пікірлерден алыс болған жөн. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Қабылданған Заңда балаларға қатысты жасалған барлық қылмыстар бойынша татуласу рәсімі алынып тасталды. Еске салайық, заң жобасы 2020 жылы мәжілісте бірінші оқылымнан өткен. Оны дайындауға түрлі сарапшылар мен мемлекеттік органдардан тұратын үлкен топ жұмыс істеді. Көптің пікірі ескеріліп, Президент қызу талқыға түскен Заңға қол қойды. Басты мақсат - әйелдердің құқықтарын қорғау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Ақталса да күйе жағып отыр". Прокурор Нүкенованың хаттары туралы айтты
Петропавлда балаларға азғындық жасаған зейнеткер cотталды
Жаңбыр, бұршақ, жел: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы
"Ақтөбе-Қандыағаш" жолын қайта жаңарту жұмысы қарқынды жүргізілуде
Астанада жылу қайта қосыла ма? Қала әкімі жауап берді
«Балалар анасын оята алмаған»: Ақтөбелік келіншекті бұрынғы күйеуі өлтіріп кеткен
"Синтетикалық есірткінің құрамдас бөліктерінің заңсыз айналымына қатысты жауапкершілік енгізіледі", - Е.Қарин
Астанада тәртібі шектен шыққан вандалдар жазаға тартылды
Алматылық полицейлер жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың әрекетін тоқтатты
Бір жүзігі облыс бюджетіндей. Криштианудың сүйіктісі қаншаға киінеді?
Ұлытау облысында марқұмның күйік шалмаған саусағы қылмысты әшкереледі
"Су ресурстары саласында саясат жетілмеген, бірыңғай тәсіл жоқтың қасы",-сенатор
"Саламатты Қазақстан" пойызы 140-тан аса елдімекенге тоқтайды
Полицейлерге қатысты тергеу басталды
Астанада ведомствоаралық эксперттік топ мектеп оқушыларының сапалы тамақтануын бақылады
Алматыда «Достық – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесі өтті
Есірткі өндіретіндер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Атырауда жас жігіт жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып тастаған
Әскери қызметшілер тасқыннан зардап шеккен өңірлерден оралып жатыр
Енді бірнеше кредитіңіз болса да, автонесие ала аласыз
«НВП ағай» фильмі көрерменге жол тартты
Астанада қоғамдық көлікпен жүру ақысы қымбаттайды
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады
«Robotek Grand Tournament» чемпионаты алғаш рет халықаралық деңгейде өтті