Жаңа Зеландияда қайтыс болғанға дейін қарызға тамақтануға болатын пиццерия пайда болды

Жаңа Зеландиядағы пиццерия клиенттеріне өнімді қазір сатып алып, дүниеден озғаннан кейін төлеуге мүмкіндік беретін ерекше ұсыныс жасады. Бұл туралы United Press International басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.Пиццерия компаниясы "қазір сатып алып, кейін төле" схемасын өздерінің жаңа акциясына негіз етіп алған."Біз бұл схеманы біраз адам азық-түлік сияқты тауарларды сатып алу үшін қолданып жүргенін көріп отырмыз. Дегенмен, біздің ойымызша, тұтынушылар біз сияқты жылдам қызмет көрсетуге бағытталған мекемелерден кәдімгі тамақ алу үшін пайызсыз несие алуға мәжбүр болуы артық сияқты. Оған қоса көптеген адам төлемін қатты кешіктіреді және Жаңа Зеландиядағы несиелердің 10,5 пайызының мерзімі өткен", - дейді шетелдік компания өкілі Бен Камминг.БАҚ-тың хабарлауынша, пиццерия бұл бағдарламаға қатысу үшін 666 Жаңа Зеландия және 666 Австралия тұрғынын таңдап алады. Бағдарлама бойынша пиццерия тұтынушысы қайтыс болғанға дейін қарызға тамақтана алады, ал барлық қарызын тек дүниеден озғаннан кейін өтеуге мүмкіндік береді."Бағдарламаға қатысу үшін таңдалған адамдардан өсиеттерінің ішіне өлгеннен кейін пиццаның құнын алу туралы қосымшаға қол қоюы сұралады. Ешқандай пайыз немесе артық төлемдер алынбайды және келісімшарт заңды күшіне ие", - делінген компанияның сайтында.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасына ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі қарсаңында жақсы жаңалық келді
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды
Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Ұлттық ұланның үздік әдіскерлері анықталды
Екібастұзда зейнеткер ауруханаға түсіп, 13 миллион теңге ақшасынан айырылды
2025 жылы Қазақстан халқын қандай оқиғалар күтіп тұр? Астролог болжамы
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА