Жаңадан құрылған ҚР Көлік министрлігін Марат Қарабаев басқарады.«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада. Марат Қарабаев 2023 жылғы қаңтардан қазірге дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарған болатын.