Сәуірдің 17-сі күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзендегі екінші шағын аудандағы көпқабатты үйде газ баллоны жарылған, деп хабарлайды Zakon.kz.Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел ақпаратына сәйкес, жарылыс екі кіреберісті 12 пәтерлі тұрғын үйде болған. Жарылыстан кіреберіс құлаған. Опырылған аумақ 150 шаршы метрді құрады. "Алдын ала мәлімет бойынша, 11 адам зардап шекті, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда". Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі