Жаңаөзенде көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылғаннан кейін жедел штаб жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.Жедел штаб Жаңаөзен қаласында ұйымдастырылған. Барлық сұрақтар бойынша тұрғындар +7 (7292) 31-90-99 телефоны арқылы хабарласа алады. Еске салайық, 17 сәуір күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзендегі екі подъезді 12 пәтерлі тұрғын үйде газ баллоны жарылған болатын. Бір кіреберіс құлағанда 11 адам зардап шекті.