Жаңаөзенде болған жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апат орнында 4 адамның мәйіті табылды. Ол- 2 әйел, бір ер адам және 3 айлық бала. Тағы 14 тұрғын дене жарақатымен қалалық ауруханада жатыр. Жансақтау бөліміне ауыр жағдайда түскен екі науқастың бірі тікұшақпен Ақтауға жеткізілген.Серік АСҚАРОВ, ЖАҢАӨЗЕН қ. КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Нақты қазір реанимацияда екеу,травматология бөлімшесінде үшеу. Бес науқас жатыр. Алтау еді, біреуі облыстық ауруханаға жіберілді. Кішкентай қыз, 5-6 жасар. Одан үлкені – 10-12 жастар. Газ-ауа қоспасы жарылған сәтте 2 қабатты үйдің бір бөлігі толық қирады. Онда төрт пәтер болған. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Ол жерде 40 техника мен 350-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Арнайы комиссия құрылды, жарылыстың себептері анықталуда. "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰК АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ: Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған тұрғындардың отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.Зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз.Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі. Орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі.