Жанар-жағармай бекетінің жанында тұрған көлікті ұрлап кеткен

Орал қаласының Абай полиция бөліміне арызданушы келіп, көлігінің қойып кеткен жерінде жоқ екенін айтып арызданды.«ВАЗ -2110» маркілі автокөлігінің иесі көлігі сынып келе жатқан соң қала орталығындағы жанар-жағармай құю станцияларының бірінің жанына ешкімге кедіргі жасамайтын жерге қойып кеткен. Бірақ арада бірнеше күн өткен соң келіп қараса көлігінің жоқ екенін байқап, полицияға жүгінеді.Қолданылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында Абай ПБ Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері сол жанар-жағармай құю станциясының бір бұрышына орнатылған бейне бақылау камерасы және көшеде орнатылған камералар арқылы белгісіз екі жігіттің көлікті сүйреп жолдың жанына қойғанын, одан соң көлікті эвакуатор көмегімен алып кеткенін байқайды.Тергеу барысында бөтеннің мүлкін заңсыз иемденген күдіктінің 1981ж.т. осы жанар-жағармай құю станциясында жұмыс істейтіні анықталды. Ол жасаған ісін мойындап, автокөлікті бөлшектеп сатып үлгергенін де жасырмады. Ұрланған зат жартылай тәркіленді. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,-деп хабарлайды БҚО ПД Баспасөз қызметі. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Барлық жағдайға байыппен қараймын»: Черчесов орнынан кетуі мүмкін
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Онлайнда әйелдер ерлерден көп уақытын өткізеді
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12-ақ жылға сотталды
Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды
Астанада әлі тумаған егіздерге ота жасалды
Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал тақырыбында халықаралық конференция өтті
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды
Бір ғана үміткер қатысты: Грузияда президент сайлауы өтті деп жарияланды
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды