Елімізде бензин мен дизельдің көтерме бағасын белгілеу жоспарланып отыр. Бұйрық жобасы 24 наурызда ашық талқылауға салынған. Жоба 1 сәуірде күшіне енеді. Жұрт бұл бөлшек саудаға әсер ете ме деп алаңдап отыр. Сарапшылар да маңызды тауардың бағасын өсіру тағы да қымбатшылыққа әкеп соғады дейді.Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ: Бұл жерде біз бір нәрсеге сақ болуымыз керекпіз. Бұлардың бағасын үкімет әрине ұзақ уақыт бойы ұстап тұра алмайтыны түсінікті. Бірақ дейтұрғанмен ертең халыққа шоковый терапия жасаудың қажеті жоқ. Бұны алдын-ала ескертіп және қалай қымбаттайтындығын тиісті министрлік қадам-қадамымен түсіндіріп айтуы керек деп есептеймін. Ал энергетика министрлігінің берген ресми ақпаратында жанар-жағармай құю станциялары үшін жеткізілетін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды енгізу жоспарланғанын айтты. Бұл ешқандай бағаның өсуіне әкеп соқпайды деп сендірді. Айта кетейік, қазір елімізде жанар-жағармайдың бөлшек құнына шектеулер қолданылады. Мәселен АИ-92 маркалы бензин құны - 182 теңге. Дизель отыны халық үшін литріне 230-260 теңге, елдің резидент кластері үшін литріне 450 теңге тұрады. Жансая ХАМИТҚЫЗЫ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Бұйрық жобасында оның ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енуі немесе бөлшек сауда бағасының қандай да бір өзгеруі көзделмейді. Бұл бұйрық жобасының негізгі мақсаты – жанармай құю бекеттерінде ресурс иелерінен мұнай өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуды қамтамасыз ету.