Жанар-жағармай ұрлаған 14 әскери қызметкерге сот үкімі шықты

Ақтөбе гарнизонының әскери сотында 14 сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты.Олар Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2, 3-тармақтары, 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы, 28-бабы 4 бөлігі, 367-бабы 2-бөлігімен сотталды. Атап айтқанда, сотталушылар 2019-2020 жылдары өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жеке бастарын байыту мақсатында бірнеше рет, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен, оларға сеніп тапсырылған әскери бөлімге тиесілі мүлік – жанар-жағармайды иемденіп, мемлекетке ірі көлемде залал келтірді. Сотталушылар дәлелдемелердің жоқтығына және қылмыстық процестік кодекс нормаларының көптеген заңбұзушылықтарына сілтеме жасай отырып, өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы тағылған айыпты толығымен қолдады және бір сотталушыға қатысты ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 3-тармағын алып тастады. Кінә сотталушылардың бірі берген қалған қатысушылардың әрекетін әшкерелейтін айғақтармен, экономикалық, фонографиялық және психологиялық-криминалистикалық сараптамалардың қорытындыларымен, 40-тан астам куәгердің айғақтарымен, телефон арқылы сөйлесулердің стенограммаларымен, ақша қаражатының аударымдарымен, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік қаржы инспекциясының мамандары жасаған келтірілген залал сомасын есептік растаумен дәлелденеді. Сот үкімімен 14 сотталушы кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілемей, әскери атақтар мен мемлекеттік марапаттарынан айырып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 3 жыл 6 айдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушыларың жас балаларының барын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ал, ант берген адамның қылмыстық, құқық бұзушылық жасауын ауырлататын мән-жайлар ретінде таныды. Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігінің азаматтық талап арызы ішінара қанағаттандырылды, сотталғандардан мемлекетке келтірілген залал ортақ тәртіпте барлығы 48 287 301 теңге және Қазақстан Республикасының жәбірленушілердің өтемақы қорына 20 АЕК (МРП) мөлшерінде әрқайсынан, 55 560 теңге мәжбүрлі төлем өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді