«Жаңарған Парламент мәселелерді шешуде жаңа бағыт, заң қабылдарда жаңа ой алып келеді», - сарапшы

Ендігі Мәжіліс депутаттарының арасында аймақтардан келген халық таңдаулылары болады. Бұл халықтың сенімін арттырып, саясатқа жаңашылдық алып келеді дейді сарапшылар. Мандаттарын тапсырған экс-депутаттар да Президенттің шешімін қолдайтындарын жеткізді.Елдегі саяси реформалар болашақ үшін маңызды екенін айтады.Ерлан САЙЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЭКС-ДЕПУТАТЫ: Осы сайлауда тікелей мынау тікелей сайланған депутаттар болады. Партиялық депутаттар болады. Яғни демократия, бюроизм болады деген өзіміздің үмітіміз бар. Сонымен бірге аудандық деңгейдегі депутаттардың барлығын тікелей халық сайлайды. Облыстық деңгейдегі 50 партиялық тізім бойынша өтеді. Мұның барлығы -Конституцияның ең негізгі принципі. Әрбір азаматтың сайлауға деген іс жүзінде асыратын нақты қадамдар. Ғазиз ӘБІШЕВ, САЯСАТТАНУШЫ: Біз сол шешімін күттік. Бұл түсінікті жағдай. Енді жаңа мәжіліс жасау керек. Сайлау керек. Қызықты нәрсе ол тәуелсіз кандидаттар. Олар округтарда қалай қатысады. Кім шығады, кім жеңеді. Жеңу мүмкін ба, әлде жеңіле ма? Жаңарған Парламент мәселелерді шешуде жаңа бағыт, заң қабылдарда жаңа ой алып келеді дейді сарапшылар. Самат НҰРТАЗА, САЯСАТТАНУШЫ: Біздің елімізде көптеген дарынды, елге жаны ашитын, идеялары бар, креативті азаматтар бар. Солардың депутат болғандарын өз басым қолдаймын. Сонымен қатар мына кетіп қалған мәжіліс құрамында өте белсенді адамдар болды. Барлығы бірдей нашар болды деп айта алмаймын. Үміт бар. Жақсы азаматтар келеді деп сенемін. А. Базарбай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық шаңғышылар Шығыс Еуропа кубогының алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
22 қарашаға арналған валюта бағамы
Алматы облысында күйеуі әйелінің жұмысына барып, өлтірмек болған
Елімізде 170 мыңнан астам адам өзін-өзі құмар ойындардан шектеген
Мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың ашықтығын қамтамасыз етеді
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды
"Қазақстанда кәсіби футбол клубын ашқым келеді" – Седет Чичек
Сенат төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысты
eGov қосымшасында уақытты өзгерту туралы сауалнама пайда болды
Абай облысында мектеп қазандығы жарылып, жұмысшы зардап шекті