"Жаңару" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы еліміздегі бірнеше басылымның редакторларымен меморандумға қол қойды. Мақсат - сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы ымырасыз күрес жүргізу саясатын жан-жақты қолдау. Бұл Меморандумды жүзеге асыру барысында тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте күш-жігерді біріктіруге, сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған іс-шараларға азаматтардың белсенді қатысуына, ақпараттарды алмасуда белсенділік танытуға, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті орнатуға, Қазақстан Республикасының Заңнамасында қарастырылмаған заңды тұлғалар мен азаматтардың құқығын шектеуге байланысты кедергілерді жоюға ықпал етуге міндетті. Басқосуға болашақ журналистер де қатысты. Жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген нысандарына теріс көзқарас қалыптастыру, оларды сыбайластық, жемқорлықтан бойын аулақ ұстауға баулуға қатысты мәселелер қозғалды Мэлс СЕМҒАЛИЕВ, «ЖАҢАРУ» СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Қазақстандағы БАҚ қызметкерлерінің күніне орай журналистермен кездесу ұйымдастырып жатырмыз. Оның мақсаты -сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамымызға мемлекеттік органдарға тереңнен тыс еніп кеткеннен кейін осы проблеманы қалай бірігіп шешуге болатынын біліп, осы мәселені бірігіп талқылып, бір мәмілеге келеміз деген жоспарымыз бар.