Жаназа өткізу де бәсекеге айналды

Жаназа той емес! Қазір адамдар бақилық болған туысының жаназасына шашылып дастархан жаймаса марқұмды жер қабылдамайтындай қорқады. «Ел күліп кетеді» деп жұрттың өсегіне қалудан қашады. Сол үшін шаш етектен шығынға батып, тіпті несие алып жақынын жерлейтіндер көбейген. Бұл қаншалықты дұрыс? Толығырақ Аружан Задабектің материалы.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Қазір жаназа дастарханы тойдікінен кем түспейді. Қарапайым дәмнен бөлек, жұртшылық тәттілер, жеміс-жидек пен түрлі тағам түрлерін жаназа дастарханына қоюды әдетке айналдырып алған. Сосын мынадай жыртыс таратуға да болмайды. Мата пайдаға аспайды, ақша желге ұшады. Негізі ҚМДБ дастарханға қойылатын тағам түрлерін бекіткен. Олар: бауырсақ, шелпек нан, сары май, шекер, құрт, қоспа, ірімшік, кіш-міш, өрік, құрма, күріш, жайма, ет. Дін өкілдері соңғы сапар рәсімі байлық бәсекесіне айналмауы керек дейді. Қазір жақынынан айырылған адам қайғыра да алмайды. «Ел күліп кетеді» деп дастарқан мен шапан-тақияға қайдан ақша табарын білмей, дал болады. Қырқын, жетісін беріп жатқандар шектен шықпау керек. Ысырапкершілікке жол бермеу керек. Ол қалай болса, солай өтпеу керек. Шариғаттың шеңберінен шықпай, адал дастарханмен, құран оқытылып, адамдарға насихат айтылып, соның сауабын Алла үшін деп істеуге болады. Екінші біреулер бар, риягершілікпен істейді. Ол болмайды. Біреудің әкесі қайтыс болса, «әкесі қайтыс болғанда баласы түк істемеді» деп айтпасын деп істейді, ақшасы жоқ болса, барып кредит алып істейік деген дұрыс емес. «Өлім – бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» дейді қазақ. Ас та төк дастархан жайып, шашылатын халық оның дұрыс емес екенін мойындайды. Сонда да даңғазалық пен дарақылықты доғара алмай келеді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Біздің заманымызда дастарханға қант қоятын екі жерден, кәмпит қоятын, жұқа нан, бауырсақ сонымен жөнелтетін. Қазір мынау баршылыққа қарай шығар. Бірақ қазір имамдар жазып жатыр осыны тоқтату керек деп. Негізі тоқтатқан дұрыс деп ойлаймын. - Ысырапшылықтың керегі жоқ. Бұрынғы кезде құр шамалап қана жөнелтті ғой. Құран оқытылса болды ғой. Оның қажеті қанша? Рас, той сияқты, қазір фруктыға дейін қоятын болды. - Қайғысына ортақтасып келе жатыр. Оның дастарханына қарамайды. Ең бастысы – нан ауыз тиіп кетсе, ортақтасып кетсе болды. Қазір қайтқан адамның қырқында, жүзінде, жыл садақасында тост айтып, сөз сөйлеу үрдіске айналған. Тіпті, мейрамханаға жиналған жұрт марқұм туралы еске алу бейнеролигін тамашалайды. Имамдар мен қоғам белсенділері мұның да дұрыс емес екенін айтады. Қарлығаш БЕКПАТШАҚЫЗЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Қарызға батып, өлген адамға ас та төк дастархан жасап, тойдың дастарханын жасап шығарып салу деген және ол бір ғана жаназа болса мейлі ғой, жетісі деп тағы шақырып жатады, қырқы деп тағы шақырады. Өткенде бір жігіттің қырқына бардық. Не деген ас та төк дастархан? Халық қоюы керек. Бәсекелестікті, анау пәленше үйтті-бүйтті деген, жыртыс та артық нәрсе. Соңғы сапарға шығарып салу үшін соңғы тиынын санап беретіндер азаяр емес. Қазан-қазан ет асып, қатар-қатар дастарқан жаю дәстүрімізге дендеп енді. Мұндайда көпшілік көңіл айтуға емес, көз сүріндірер дастарқаннан дәм тату үшін бара ма деп ойланып қаласың. ҚМДБ БЕКІТКЕН ДАСТАРХАНҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАҒАМ ТҮРЛЕРІ: - Бауырсақ, шелпек нан - Сары май - Секер - Құрт, қоспа, ірімшік - Кішміш, өрік, құрма - Күріш - Ет, жайма А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан
Маңғыстау облысында жаңа амбулатория ашылды
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан