BoxLive Жәнібек Әлімханұлын бокстан ең белсенді әлем чемпиондарының рейтингіне қосты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.Әлімханұлы WBO белбеуіне иелік етеді. Оның жекпе-жектері арасындағы орташа белсенділік – 219 күн (белбеуін қорғаған жекпе-жектер). Осылайша спортшы 4-орынға тұрақтаған. Бұл көрсеткіш бойынша 202 күнмен кубалық Дэвид Моррель көш бастады.Еске салайық, Дэвид Моррель 2022 жылдың қарашасында Айдос Ербосынұлымен жұдырықтасып, отандасымызды 12-раундта нокаутқа жіберген.Рейтингте 2-орында Сауль "Канело" Альварес, 3-орында Девин Хейни тұр.