Жаңбыр, аяз, жел: Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты 30 наурызда бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Астана қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы күрт төмендейді: түнде -3-5 дейін түсіп, күндіз 1-3 жылы болады. Акмола облысында ауа температурасы күрт төмендейді: түнде 3-8 дейін, өңірдің солтүстігінде -11 градусқа дейін суиды. Күндіз -2 аяз, +3 жылы болады. Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы күрт төмендейді: түнде 3-8 градус аязға дейін, күндіз 1-6 жылыға дейін. Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде Қарағанды облысының шығысында тұман болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал. Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін. Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Маңғыстау облысының шығысы мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с құрайды. Қостанай облысының басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз өңірдің оңтүстігінде күші 23 м/с жетуі ықтимал. ТүндеАқтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Ұлытау облысының солтүстігі мен орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі туралы айтты
Күйдіргіден қауіп көп
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
Нашақорлықпен күрес күшейді
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Үйде еркектің билігі әлсірегенде ене ұлын қызғанып, келінге күн көрсетпейді - Мұхамеджан Тазабек
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Садраддин, Науатбек Ақмарал: Тағы кімдер «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды (ВИДЕО)