"Қазгидромет" РМК 10 наурызда республикамыздың кейбір өңірінде қатты жел тұрып, жаңбыр, қар жауып, су тасқыны қаупі артуы мүмкін екенін ескертеді.Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Қызылордада да тұман болады деп болжанады. Семейде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде аракідік қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Шымкентте де аракідік жауын-шашын болады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Астанада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-20 м/с. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында қар жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында боран, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Петропавлда қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-20 м/с.