Бүгін еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан қайраткерлер мен еңбек адамдарына алғыс айтылды. Бұл үрдісті Мәдениет және спорт министрлігі мереке аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырды. Алғашқылардың бірі болып көрнекті сәулетші, мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековке алғыс айтылды. Жиналғандар сәулетшіні мерекемен құттықтап, сыйлық табыстады. Жандарбек Мәлібеков те барша қазақстандықтарға жүрекжарды тілегін жеткізді.Жандарбек МӘЛІБЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫНЫҢ АВТОРЫ: Өте көнеден, ертеден келе жатқан өзінің сабырлылығымен, батырлығымен, өзінің даналығымен мен қазақ халқына рақметімді айтамын. Екінші, әрине, ауыл ақсақалдарына, ұстаздарыма алғысымды айтамын. Еліміздің болашағы үшін оқып жатқан біздің жастарымызға алғыс айтамын. Өйткені, біздің болашағымыз жастарда.