Жұлдызды жұп Абай Асылхан мен Жәнел Мақажан көптен күткен перзентіне Мәриям деген есім берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Абай Асылхан әлеуметтік желідегі парақшасында қызына арнап жазба жариялады.“Шүкір, әке болдым! 17.09.2023жылы сағат 18:04-те Асылхан Мариям Абайқызы дүниеге келді. Қош келдің, қызым! Жәнел, рахмет аманатым, Алла разы болсын! Мен сені Аллаһ үшін сүйемін”, – делінген жазбада. Сондай-ақ ол желіге жаңа босанған әйелі мен қызы Мәриямның суретін жүктеді. Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды қуанышымен құттықтап, ақжарма тілегін арнады. “Салихалы ұрпақтың қатарынан болсын. Бауы берік болсын”, “Қыздың қызығын көріңіздер”, “Аллаға сансыз шукір Алла ғұмырлы дені сау ең көркем қыз болып өсуін нәсіп етсін”, “Балапанның бауы берік болсын, айналайындар”, “Денсаулығы мықты, ғұмыры ұзақ, абыройлы, беделді, иманды, салих құлдардан, саналы ұрпақ болсын”, “Ханшайымның бауы берік болсын”, – деп жарыса жазды желідегілер. Айта кетейік, Жәнел Мақажан бірінші күйеуімен жеті жыл тұрып, түрлі себептермен ажырасып кетті. Актрисаның бірінші некесінен бір қыз, бір ұлы бар. Уақыт өте келе актриса өзінен сегіз жас кіші актер Абай Асылханға тұрмысқа шықты.