«ASTANA TV» телеарнасында жаңа жоба! Сенсацияға толы жобада алғаш рет қазақстандық әйелдер өздерінің мәселелерін ашық айтып, жоғары мінберден құқықтарын қорғай алады."Ащы шындық" атты әлеуметтік ток-шоуының кейіпкерлері еліміздің әр өңірінен келген 18 жастан 60 жасқа дейінгі қыздар мен әйелдер. Әрбір кейіпкерге психолог, заңгер, сексолог, меценат, жаттықтырушылар мен кәсіпкерлер, қайырымдылық қорларының өкілдері көмектеседі. Қазақстанда бұрын-соңды мұндай жанр болмаған. Студиядағы әрбір кейіпкер -шынайы. Тағдыр иелерінің оқиғалары да өмірден алынады. 27 ақпан күні сағат 17:55-те «Астана» телеарнасы арқылы экранға шығатын жаңа жобаны тамашалаңыздар.