Батыс Қазақстан облысында төбелес пен атыс болған оқиға видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz .Ақсайдағы аулалардың бірінде түсірілген видеода ер адамдар ерегісіп жатқанын, содан кейін олардың бірі қашып, қалғандары оны қуып жеткенін көруге болады. Бір кезде оқ атылған.Кейін Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі тәртіп сақшылары жанжалға қатысқанның бәрін анықтап, полицияға жеткізгенін хабарлады.Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Газ қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды."Істің мән-жайын толығырақ анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аудандық прокуратура жазбаша нұсқау берді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ", - деп хабарлады БҚО полициясы.Полиция басқа ақпаратты тергеуге байланысты таратқан жоқ.