Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) бірінші жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық атағын 16 желтоқсан күні қорғайды, - деп хабарлайды massaget.kzАқпарат дереккөзі бойынша боксшының жекпе-жегі жайлы ресми ақпарат жақын уақытта жарияланады. Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылмақ. Бұған дейін Жанқош Тұраров танзаниялық боксшы Ибрагим Класса Мгендермен (30-6, 14 КО) жұдырықтасатыны анықталған болатын. Қарсыласы бір кездері IBF рейтингінде алғашқы ондыққа енген. Жекпе-жектерінің көпшілігін өз елінде өткізген. Жанқош Тұраров IBO чемпиондық белбеуін наурыз айында Алматыда мексикалық Алехандро Менесесті (16-6, 9 KO) нокаутқа түсіргеннен кейін иеленген болатын.