Жанкүйерлері Димашты мерейтойымен құттықтады

Димаш Құдайбергеннің дүние жүзі бойынша жанкүйерлері сүйікті әншісін 30 жасқа толған мерейтойымен құттықтап жатыр. Әсіресе, Ұлыбританиядағы тыңдармандары белсенді.Олар арнайы бейнебаян түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялады, деп хабарлайды Kazinform-ның осы елдегі меншікті тілшісі Ғалымжан Қараманұлы.Ұлыбританияда Димаштың екі фан-клубы бар. Оның мүшелері дүниені дала даусымен дүр сілкіндірген қазақ баласының өнеріне ғашық. Әндерін түсіну үшін ұлы Абай тілін үйреніп, Қазақстанға саяхаттап та жүр. 30-дан астам адам Лондонның көрнекті орындарында жиналып, әншіге жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Ұлыбританияның ғана емес, Ресей, Бразилия, Румыния және басқа да мемлекеттердің азаматтары қолдарына Қазақстанның және Ұлыбританияның туларын ұстап, жұртшылықтың назарын өздеріне аударды. Қамажай биін билеп, қазақ тілінде ән айтты.«Біз Ұлыбританиядағы диерстар қауымы Димашқа құттықтауымызды жолдаймыз. Оның адам нанғысыз ғажап дауысы біздің жүрегімізді жаулап алды. Ал музыкасы әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықты біріктірді. Димаш, сенің өнердегі қанатың талмасын. Әндерің бізді шабыттандыра берсін. Кезекті концертіңді асыға күтеміз. Ұлыбританиядағы жанкүйерлерің сені жақсы көреді», - деді фан клубтың негізін қалаушы Анка Тимофте.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті
Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесі бекітіледі
Күнделікті жүру қарқыны арқылы қант диабетіне шалдығу ықтималдылығын азайта аласыз
Платежные организации просят спасти отрасль от уничтожения
Қостанайда суға батқан 2 жас қыздың жағдайы белгілі болды
Күнделікті жүру қарқыны арқылы қант диабетіне шалдығу ықтималдылығын азайта аласыз
Дәріхананы өртеген Түркістан тұрғыны өрт ішінде қалып қойды
41 градус ыстық: Синоптиктер ескерту жасады
Астана мен Сеул арасындағы рейстер қайта жанданды
Түркістан: Сайрамда жаңа мөлтек аудан пайда болады
Бүгін қасиетті Құрбан айт басталды
Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті
16 маусымға арналған ауа райы болжамы
Жетісу университетіне шетелдік ғалымдар келді
Стенд атудан Қазақстан командасы Италиядағы Әлем кубогіне қатысуда
Зекет кімдерге берілмейді?
Астанада экоакция кезінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Satbayev University-інде запастағы сержанттар ант берді
Ішкі істер министрі Солтүстік Қазақстан полицейлерімен жүздесті
Несиеге алынған көлікті сатуға болады ма?
Еуропа чемпионаты тарихындағы ең жылдам гол соғылды
Кейт Миддлтон химиотерапиядан бері алғаш рет көпшілік алдына шықты
Облыстық ауруханада тимпанопластика операциясы жасала бастады
ШҚО тұрғыны мопед ұрлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды