Күйеу жігіт өзінен 11 жас үлкен, деп хабарлайды Qaz365.kz. Ол – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев.Нұрахмет Қанатұлы 1989 жылы туған. Ұлыбританияда білім алған, сонымен қатар Anglia Ruskin University іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Hamble Group-та қаржылық талдаушы болып жұмыс істеген. 2013-2015 жылдары Павлодар және Атырау қалаларында мұнай өңдеу зауыттарының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген. 2015-2019 жылдары «Майкубен Вест» ЖШС және «Шұбаркөл Премиум» АҚ көмір өндіруші кәсіпорындарында қаржы директоры, бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген. 2019 жылдан 2020 жылға дейін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Тараз УМГ филиалы директорының орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ тарифтер және инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген. «Қазақмыс» корпорациясындағы еңбек жолын 2020 жылы жобалау тобының басшысы қызметінен бастады. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС аутсорсинг жөніндегі директоры қызметін атқарды. 2021 жылдың маусымында «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС бас директоры болып тағайындалған болатын.