Шығыс Қазақстанда жасөспірім қарға тұншығып, қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.Оқиға бірнеше жыл бұрын болған. Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданындағы Парыгино ауылының тұрғыны бірқабатты жеке үйдің шатырын қардан тазартып жатып, жерге басымен құлаған. Жарақат алған жасөспірім күртік қардан шыға алмай, тұншыққан. Салдарынан бала қайтыс болған. Марқұм жергілікті колледждердің бірінде оқыған көрінеді.