"Жанұя" отбасы институты әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті

Астанада әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетілді. Астана қаласы әкімдігінің "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы" "Тәуелсіздік - ел бақыты" атты әлеуметтік іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында жомарт жандар отбасыларға азық-түлік және киім-кешек сертификатын табыс етті."Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы» отбасын әлеуметтік сүйемелдеу бөлімінен 300-ге жуық отбасы көмек алады. Өмірлік қиындықтарға тап болған жандар аталған орталықтың ұйымдастырған түрлі шараларында бас қосып, демеушілердің ұсынған сый-сияпаттарын қабыл алуда. Айгүл БОЛАТХАН, «ЖАНҰЯ» ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРЫАРҚА АУДАНЫ БОЙЫНША БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бұл отбасыларға тек қана, әлеуеметтік, құқықтық, психологиялық жағынан қолдау көрсетіп қана емес, сонымен қатар әрдайым осындай әлеуемттік маңызы бар іс-шараларға, мәдени іс-шараларға шақыру арқылы бұл кісілерді осы қоғамға әлеуметтендіру жұмыстарымен де айналысамыз. Қала тұрғыны Маржанкүл Нұрлыбаева- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Қызы №1 арнайы мектеп-интернаттың 9-сыныбында оқиды. Орталық қызметкерлері отбасыны мерекелік шаралардан құр қалдырмай, қызды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен үнемі қамтамасыз етіп отырады. Маржанкүл НҰРЛЫБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жер үйде тұрамын, дачада. Келіп өздері көріп кетті. Енді Алла жазса, көмір берейін деп жатыр. Мектеп кезінде де жағдайларын жасап, беріп жатыр. Көп-көп рақмет. Мерекелік шарада түрлі әлеуметтік топтағы отбасыларға "КаспиМед" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолдау көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тауарларды жеткізуші серіктестік әр отбасыға сертификат табыс етті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Оққағарлар
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Мұртыңды ұрайын...
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты