"Жаным, күнім". Неге қазақ отбасында жылы сөздер аз айтылады?

Қазақ отбасында неге жылы сөз аз айтылады? Психолог Кербез Егінбаева көпшілік қазақстандықтарда неге мұндай түсінік қалыптаспағанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ  тілшісі.Отбасы құрған соң некедегі сүйіспеншілікті білдіруде мәдени айырмашылықтар болуы қалыпты жағдай. Әлемде көптеген мәдени ерекшеліктер бар, оның ішіне некедегі сүйіспеншілік пен қамқорлықты білдіру тәсілдері де жатады, -дейді психолог. Кербез Егінбаеваның пікірінше, елімізде отбасы құрған соң жылы сөз жайында қалады. Қазақстандық мәдениетте ерлі зайыптылар некеден кейін бір-біріне жылы сөздер айтуды тоқтатады. Себебі, ер мен әйел ретіндегі қарым-қатынас соңғы орынға ысырылып "мама - папа" рөлі алға шығады. Бүкіл әңгіме тек тұрмыстық жағдайға байланысты айтылып, махаббат пен сезімге көңіл бөлінбейді. Біздің қоғамда сезімге көңіл бөліп, оны жылы сөзбен білдіру - маңызсыз саналады, - дейді психолог. Маман шетелдік отбасылар неге өз сезімдерін еркін жеткізе алатынын былай түсіндірді: Басқа елдерде ерлі-зайыптылар ұзақ жылдар бірге болғаннан кейін де, өз сезімдерін сөзбен жеткізе алады. Ер мен әйел рөлін сақтап қалады. Бұл құбылыс мәдени негіздер мен әдеттерде терең тамыр алады. Осы тұста мәдени айырмашылықтарға қарамастан, әр адамның эмоцияны білдіруге деген жеке қажеттіліктері бар екенін түсіну маңызды. Неке сапасы ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністік пен қолдау деңгейіне байланысты. Мәдени айырмашылықтарға қарамастан, некеде күшті және сау қарым-қатынасты сақтау үшін еңбек ету қажет, -дейді ол. Психолог отбасындағы ер мен әйел рөлін сақтауға бірнеше кеңес берді. Біріншіден, ашық сөйлесіп, түсінісіп үйреніңіз. Өз қалауың туралы айту ерлі-зайыптылар арасындағы терең түсінік пен жақындықтың негізі бола алады. Өз сезімдеріңіз бен үміттеріңізді білдіруден қорықпаңыз. Және жұбайыңызды түсінуге асығыңыз. Екіншіден, отбасылық ритуалдар құрастыру. “Отбасыңыздың барын қалай сезіне аласыз?” Осы сұраққа жауап беру арқылы, дәстүрлер қалыптастырсаңыз болады. Мысалы, ер мен әйел болып екі аптада бір рет бірге серуендеу. Әр жұма сайын отбасымен бірге "пикникке" шығу. Үшіншіден, сезіміңізді білдіруді үйреніңіз. Егер сіз махаббатты сөзбен айтып жеткізу әдетінен тыс болсаңыз, кішкентайдан бастаңыз күніне кемінде бір рет "Мен сені сүйемін" деп айтыңыз. Бұл сіздің қарым-қатынасыңызды нығайтатын әдетке айналуы мүмкін, - деді Кербез Егінбаева.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салынады
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды