Жапонияда бұрын белгісіз болып келген жеті мың арал анықталды

Жапондықтар өз еліндегі аралдарды санап шығып, олардың бұрын болжанғаннан 7 мыңға артық екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.Жақында Жапонияның геокеңістік ақпарат агенттігі (GSI) цифрлық картаға түсіру нәтижесінде Жапонияда 14 125 арал бар екенін анықтады. Бұл 1987 жылдан бері ресми түрде пайдаланылған картографиядағы аралдардан екі есеге, яғни 6 852 аралға көп екені анықталды. Kyodo мәліметінше, осы уақытқа дейін Жапония үкіметі осыдан 35 жыл бұрын елдің жағалау күзеті жариялаған мәліметтерді пайдаланған. Ол кезде жағалау күзеті шеңбері 100 метр немесе одан да көп аралдарды қолмен санаған. Ал көлдердегі немесе өзен құм жағасындағы аралдар қарастырылмаған. Соңғы зерттеуде үкімет компьютерге негізделген GSI электронды жер картасын пайдаланып аралдарды автоматты түрде санады және картаны бұрынғы аэрофотосуреттермен және жасанды түрде қалпына келтірілген жерлерді алып тастау үшін басқа деректермен салыстырды. Компьютер 100 мыңнан астам аралды анықтағанымен, ресми тізімге шеңбері 100 метр немесе одан да көп аралдарды ғана таңдап алды. Жаңа көрсеткіш Жапония иелігіндегі жердің жалпы көлемін өзгертпеді. Сондай-ақ, аралдардың жаңа санына жасанды түрде қалпына келтірілген жерлер кірмейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Баку әуежайындағы тіршілік бір минутқа тоқтап қалды
Магистратураға грантқа түскендер тізімі белгілі болды
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қайтыс болған 10 адамның жеке басы анықталды
Күрес түрлері федерациясы жыл үздіктерді марапаттады
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды