Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 168-ге жетті

Жапонияда 1 қаңтардан бері жалғасып келе жатқан жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 168-ге жетті. Бұған Жапонияның аймақтық билігі жариялаған мәліметтері дәлел, деп хабарлайды Kazinform ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.Сонымен қатар, құтқарушылар орналасқан жерін анықтау үшін байланысқа шыға алмай отырған тұрғындардың саны 323-ке жетті. Әлі де болып жатқан жерасты дүмпулерінің салдарынан 560-тан астам адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Жер сілкінісінен әсіресе Исикава префектурасы зардап шекті. Онда кемінде 1370 үй толығымен немесе ішінара қирады, өрт салдарынан 300-ге жуық ғимарат бүлінді. Зардап шеккен аймақта электр және су беру жүйелері бұзылып, жанармай тапшылығы сезілуде. Апат аймағында Жапония құтқару күштерінің іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Құтқарушылар соңғы рет 6 қаңтарда үйінді астынан бір адамды аман алып шықты. 90 жастағы жергілікті тұрғын бес күннен артық жерасты дүмпуінен қираған үйінің астында болған. Осыған дейін Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 128-ге жетіп, 200-ден астам адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Станислав Черчесов: «Әр қарсыласты құрметтеп, терең зерттеу керек»
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Ат абзелдерін жасайтын Ардақ Абдуллин
ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді
Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған
Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Ресми: Астанада Лос-Анджелес Олимпиадасы алдында бокстан әлем чемпионаты өтеді
Роза Рымбаева Абай облысының Құрметті азаматы атанды
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды