Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері сенбіде Идзу аралдары маңындағы екі тікұшақ экипажымен байланыса алмағанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZINFORM Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазды.«Жапондық теңіз өзін-өзі қорғау күштерінің екі тікұшағы Идзу архипелагының бір бөлігі Торисима аралының шығысында теңіз үстінде құлап, бір адам қаза тапты», - деп хабарлады жексенбіде елдің Қорғаныс министрі МИнору Кихара. Ұшақтағы тағы жеті адам із-түссіз жоғалып кеткен. Министрдің айтуынша, екі тікұшақ соқтығысып, құлаған болуы мүмкін.