Жаппай тәртіпсіздікке шақырғандарға жауапкершілік күшейтіледі. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, Заң жобасында сотталғандардың құқығын кеңейту мәселесі де көзделген. Өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталушылар ауыр дертке шалдыққан жағдайда, жазаны өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін беретін норма қарастырылған. Ал қатыгездікпен адамгершілікке жатпайтын азаптауларға байланысты жаза қатаңдатылады. Ол бойынша арнайы норма қарастырылды деді министр.Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: Қылмыстық кодекстің 146-бабына «Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын әрекеті үшін» құқық бұзушылықтың жаңа құрамы енгізіледі. Оны азаптау ол прокуратура өндірісінде болады. Ал қалғандары полицияның құзыретінде.