Актер Рамазан Амантай өзінің артық салмағы үшін сынайтын көпшілікке жауап берді. "Еркін подкаст" бағдарламасында өнер иесі жақындарының да артық салмағы үшін уайымдайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ."Менің толып кеткенімнің нақты себебін эфирде айта алмаймын. Бірақ, бір себебі бар. Оны айта алмаймын. Онымен қазір жұмыс істеп жатырмын. Рухани және дүниелік шашыраңқы кездер басталды. Сол кезде шашым түсіп бастады. Салмақ деген, қылдай едім. Өзімнің ерік-жігерім жетпей жүр деп ойлаймын. Авокадо жеп, нанды азайтсам, тез салмақ тастаймын. Не үшін семіріп кеткенімді айта алмаймын. Бастысы, арықтап кетпедім. "Жардай боп семіріп алыпсың" деп жазып, айтатындар бар. Үйдегілердің бірінші уайымы да осы. "Арықта, балам" деп анам айтады. Үйде арықтау үшін бар жағдайды жасап қойғанмын. Бірақ, енді, ерік-жігер жоқ болып тұр. Мен арықтағаннан бірнәрсе өзгеретін болса, көремін, ағайын", - деп жазды желідегілер.