"Жәрдемақылар мен төлемдер тағайындау қажет". Премьер-министр "АрселорМиттал" жұмысына сын айтты

Бүгін Шахтинск қаласында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның "Қазақстан" шахтасындағы жағдай бойынша кеңес өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz.Премьер-министр болған қайғылы оқиға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңбұзушылықтармен тікелей байланысты екенін атап өтті."Бұл - ең алдымен, кәсіпорын иесінің кінәсі. Олардың өздерін компанияның тыныс-тіршілігінен толықтай шеттетуі бірнеше жылдар бойы қайғылы салдарға әкеп жатыр. Көріп отырғанымыздай, жұмысшылар үшін тиісті қауіпсіздік деңгейі сақталмай, кәсіпорын жұмысының барлық кезеңінде басты назар тек пайда табуға аударылған. Сондықтан да апаттар жиі қайталанып жатыр. Ең қайғылысы, адамдардың өліміне алып келеді", - деді Әлихан Смайылов.Үкімет басшысы атап өткендей, "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар және елеулі инвестициялардың бағытталатыны жөнінде әрдайым мәлімдеп келеді. Алайда бұл апаттар мен қайғылы оқиғалар керісінше жағдайды көрсетіп отыр."АрселорМиттал Теміртау" нысандарында кейінгі 15 жылда 100-ден аса адам қаза тапты. Бұл сан жыл сайын өсіп келеді. "АрселорМиттал" халықаралық компаниялар тобындағы әрбір екінші қаза қазақстандық дивизионға тиесілі", - деді Әлихан Смайылов.Оның айтуынша, аймақтағы экологиялық жағдай да ерекше назар аударуды қажет етеді. Теміртаудағы барлық зиянды шығарындының 88 пайызы осы кәсіпорынға тиесілі. Нәтижесінде қала тұрғындарында онкологиялық аурулардың, тыныс алу жолдары ауруларының және басқа да сырқаттардың өсуі байқалады."Атап өткеніміздей, кәсіпорын өндірісті жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу бойынша шаралар қабылдамайды. 30 жылға жуық уақыт ішінде біз комбинаттың күйреуін ғана көріп отырмыз. Жекешелендіру кезінен бері оның өндірістік көрсеткіштері жартысына дейін төмендеді. Болат шығару көлемі өткен жылы 6 миллион тоннадан 3 миллион тоннаға дейін - екі есеге қысқарды. Көмір өндіру төрттен бір бөлікке азайды", - деп атап өтті премьер-министр.2021 жылы 3 миллиард АҚШ долларынан аса сомаға Жаңғыртуға инвестициялар құю туралы келісімге қол қою жоспарланған еді. Алайда компания тек 1 миллиард АҚШ долларына жоба ұсынды."Іс жүзінде бұл қаражат ағымдағы жөндеуге бағытталып, жаңғыртуға арналған ұзақ мерзімді инвестиция емес еді", - деді Әлихан Смайылов.Премьер-министр апатты тез арада жою жөнінде жедел шаралар қабылдау, оның себептерін жан-жақты зерттеу және осы қайғылы оқиғаға кінәлілерді анықтау қажетін атап өтті."Қарағанды облысының әкімдігі "АрселорМиттал Теміртаумен" бірлесіп, қаза тапқандар мен зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіп, оның ішінде асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер тағайындап, жерлеу шараларына қаражат беру, жұмыс беруші есебінен қаза тапқандардың отбасына үй алып беру және моральдық зиянды өтеуді қамтамасыз етуі керек", - деп түйіндеді Үкімет басшысы.Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/89121/

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер