Жол апаты 18 қарашада Жаркент маңында болып, екі "Ауди" көлігі соқтығысты. Оқиға орнынан ауруханаға 5 адам жеткізілді, оның біреуі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды.Автокөліктер "Алматы-Қорғас" тас жолының 336-шақырымында соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, автомобильдердің бірінде дөңгелегі жарылып, салдарынан жүргізуші рөлге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысқан."Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған өртке қарсы қызметінің өрт сөндірушілері өшірді. Полиция апаттың барлық жағдайларын мұқият анықтап жатыр".