Астанада «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының жүлдегерлері марапатталды. Он екі жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан білім сайысына биыл 5 мыңнан аса оқушы қатысты. Оның 3 мыңға жуығы этнос өкілдері. Додаға қатысқандардың ішінде 200 оқушы финалға жолдама алып, елордада өткен республикалық кезеңде бақ сынады. Олимпиадада ең жоғары нəтиже көрсеткен 33 бітіруші түлекке еліміздің үздік жоғары оқу орындарына білім гранттары берілді. Сондай-ақ биыл алғаш рет Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Тіл жанашыры» сыйлығы тапсырылды. Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Бұл біз үшін өте маңызды. Әсіресе, осы жаңа өскелең ұрпақтың арасында, соның ішінде өзге ұлт өкілдерінің балаларының арасындағы тілге деген ықыласты, құрметті күшейту. Соны насихаттау, дамыту, өте маңызды деп ойлаймыз.