Медициналық тексерістен тегін өте аламыз деген рас па осы? Бұлай сұрақты тікесінен қоюыма негіз бар. Кімнен сұрасаң да, қаржысыз дәрігерге қаралу қиямет, айлап күтесің – дейді. Кезектен шаршағандар амалсыздан ақылы қызметке жүгінеді. Онда біз неге ай сайын жалақымыздан жырып, жарна төлейміз? Бұл сұрақ біраз адамның көкейінде жүр. Аружан Задабек жауап іздеп көрді.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша әр қазақстандық тегін ем ала алады. Бірақ халық арасында мұндай жолмен дәрігерге қаралу қиынның қиыны деген пікір бар. Бұл расымен де солай ма? Біз дәл қазір тексеріп көргіміз келіп тұр. Мекемеге кірдім. Дәрігерге қаралмақ түгілі, оған жазылудың өзі қиямет екен. Аурухана әкімшісін таба алмай, біраз уақытым кетті. Келді-ау дегенде мынадай жауап алдым. Мен құжат бойынша қаралуға тиіс мекеме «бізде мамандар жоқ» деп, қайтарып жіберді. Сонда ауырған адам қайда барады дегенім сол еді, басқа мекен-жайдағы бөліміне жол сілтеді. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Қазір мен емханадан шықтым. Көріп тұрғандарыңыздай мені қабылдаған жоқ. Тегін емделу үшін мына байланыс номеріне хабарласуымды өтінді. Қазір хабарласамыз. Гинекологқа жазылайын деп едім. Үмітімді үзбей, аурухана қызметкерінің жауабын күттім. Ұзақ кідірістен кейін былай деді. Міне, қызық! Өзге көмектерді айтпағанда, қарапайым дәрігерге қаралудың өзі оңай емес. Ал, ақшасын беріп, ақылы қызметке жазылсам ше? Демек, ақшамен дер кезінде кез келген дәрігерге қарала аласың. Бұған өз көзіммен куә болдым. Адамдар мұндай жағдайға жиі кезігеміз – дейді. БЛИЦ: - Мен көбінесе частный клиникаларға барамын. Очередьке тұру, адам саны. Ал, частныйға барсаң тез болады да ол. - Очередь күту болады. Поэтому кішкене қиындау. Особенно пенсиянерлерге қаралуға. - Екі апта бұрын жол апатына түстім. Студент ретінде оқу орыным мені медициналық орталыққа тіркеген. Көп күткен жоқпын, бірден қабылдады. Науқастар өз кезегін айлап-жылдап күтуге мәжбүр. Ол уақыттың ішінде адам өліп кетуі де мүмкін – дейді жұрт. Бұл мәселені Президенттен бастап, Мәжіліс депутаттары да көтерді. Дәрігерге қаралудың өзіне бір апта кетсе, скринингтен өту үшін бірнеше ай тосу – үйреншікті жағдайға айналған. Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Қазір азаматтар ауруханаға барып, тексерістен тегін өтемін десе, онда бір ай немесе үш ай күту керек. Ал, ол адамдар сол тексерістен ақылы өтемін десе, сол уақытта не 3 минутта өтуіне болады. Сондықтан еріксізден ақылы қызметті алуға мәжбүр болып, онда біз не үшін ай сайын өзіміздің жалақымыздан жарнаны төлейміз дейді. Биліктегілер бұл мәселеде шикілік көп екенін мойындап отыр. Басшылар біліп, проблема қылып көтерсе түйіткілдің тарқалуына не кедергі? Алтай КӨЛГІНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біріншіден, кемшілігі - ашықтық жоқ. Бюджеттің қаражаты толық қайда кетіп жатқаны туралы толық ақпарат жоқ. Екінші мәселе, медициналық ұйымдар, барлығы емес, бәріне топырақ шашуға болмайды. Бірақ сол жерде өтірік, жалған медициналық қызмет көрсетті деген ақпарат анықталды. Премьер-министр орынбасарының сөзінде жан бар. Неге дейсіз ғой? Осыған дейін 52 мың адамға жалған медициналық қызмет көрсетілген. Яғни, тексерістен өтпеген адамды да, дәрігер қарауында болды деп тіркеген. Осыдан келіп шын мұқтаждарға кезек күттіреді. Расында да, медициналық сақтандырудың артында үлкен шикіліктің жатқанын байқаймыз. Жақында Президент көп ұзамай бұл түйіткілді тарқатуды тапсырды. Күтейік.