Жарты миллиард теңгеге салынған Жайық жағалауы 282 млн теңгеге қайта жөнделеді

Оралда жарты миллиард теңгеге салынған Жайық жағалауы енді 282 миллион теңгеге қайта жөнделеді. Шенеуніктердің айтуынша, оның кепілдік мерзімі өтіп кеткен. Сондықтан қаржы бөлінгесін кем-кетікті түгендейміз деп құлшынып отыр. Ал қалалықтар бұл жермен серуендеу қауіпті дейді. Өйткені тозған өрнектас пен қираған қыш плитаға абайсызда сүрініп, жарақат алуың мүмкін.Шетелден келген құрбысына Оралдың көрікті жерлерін көрсетпек болған Әлфия Төребаева жағалаудың қазіргі көрінісінен қатты ұялғанын айтады. Қонағына не айтарын білмей ақталумен болыпты. Әлфия ТӨРЕБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Плиталарды әдейі біреу суырып алып кеткен бе? Әлде судан құлаған ба? Ремонт болмай ма екен? Қатты ұялдым. Бірталай ақша кетті ғой бұған, мұны жасауға. Жайықтың көтерілетінін есептемеген. Материал сапасы да шамалы. Қаншама қаражат керек мынаны қайтадан оңдау үшін? БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Бірталай ақша кетті ғой бұған, мұны жасауға. Басында мұны кішкене ойластырмаған болып тұр ғой. Жайықтың көтерілетінін есептемеген. Материал сапасы да шамалы. Қаншама қаражат керек мынаны қайтадан оңдау үшін? - Неприятно ғой былай қарағанда да. Айналаның бәрінің тастары түсіп жатыр. Он жыл бұрын осы жағалауды абаттандыруға 500 миллион теңге жұмсалған. Тұрғындар серуендейтін жол төселіп, балалар алаңы салынды. Жағаға орнатылған қоршаулар қыш тақтамен қапталды. Енді солардың сау-тамтығы қалмаған. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Бұған дейін тұрғындар мына екі баспалдақпен төмен түсіп, Жайықтың жағасында серуендейтін. Қазір бұл мүмкін емес. Бұл аумақтың бәрі суға толы. Бұл аздай су мүжіген плиталардың бәрі бірінен соң бірі үгітіліп құлап жатыр. Шенеуніктердің айтуынша, жағалауға көңілі толмаған тұрғындардың арыз-шағымы жиілепті. Бірақ кепілдік мерзімі өтіп кеткен. Енді бұл іске тағы қаржы бөлгізіп, қайтадан жөндейміз дейді. Дархан ЕРКІНҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: Мердігер ұйымның атқарар жұмыстары, сәйкесінше материалдарының бағасымен бірге барлығы 282 миллион теңге болады. Кепілдік мерзімін біздер қазір техспецификацияға қойдық. Сәйкесінше мердігер ұйым аяқтағаннан кейін кепілдік мерзімі жүреді. Білуімше, 12 ай қойған сияқтымыз, 1 жыл. Хайдар ҚАПАНОВ, САРАПШЫ: Жағалауды биыл жөндегенмен, кейін қайта бүлінеді. Сондықтан бұл аумаққа жаны ашитын қамқор қожайын табу керек. Жергілікті өзін-өзі басқару аясында бизнеске берген дұрыс. Сонда халыққа қызмет көрсету жақсарып, қыста шаңғы, сырғанақ тебетін орындар салынар еді. Бірақ бөлінген ақшаға жағалаудың бүлінген жері ғана жөнделеді. Мердігермен арадағы уағдаластық солай. Ал бұған дейін бүтін тұрған басқа жері кейін зақымдалса, шенділердің қазынаға тағы қол салары анық.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді