Жарты миллионға жуық студенттің несиесі бар

Елімізде жарты миллионға жуық студенттің несиесі бар бар. Оның 47 мыңы-проблемалық несие. Кей банктер жұмысы жоқ жастарға да тұтынушылық кредит берген. Оқуын бітірмей жатып, студенттер неге қарызға батады? Тілшіміз айтады. Тілші, Айдана ҚАЙРАТ: Телефоным ескі, айналамдағылардың бәріі жаңа смартфон ұстап жүр. Бірақ оны алатын ақшам да жоқ. Не істесем екен? Бәлкім несие алармын, 5 минуттың ішінде кредитті онлайн рәсімдеуге болады гой. Өкінішке қарай осылай ойлайтын жастар өтеее көп. Айналасындағыларға қызығып несиені алуына алып алады, бірақ оны төлейтін кезде қиналады. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - 15 проны екі жылға рассрочка алған тұғынмын мен. - Менің достарым, группаластарым бар солай алып жатқан рассрочкаға. И қазір соны төлей алмай сабағынан қосымша жұмыстара жасап, сол рассрочканы төлеуге жұмыс жасап жүр. Кей банктер жұмысы жоқ болса да, 18 жасқа толғандарға тұтынушылық кредит беріп келген. Оқуын бітірмей жатып, қарызға батқан жастардың санын азайту үшін енді оларға кредит беру тәртібі өзгереді. Мадина ӘБІЛҚАСЫМОВА, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Кредитті ресми түрде табысы болмаса да, олар ала беретін. Енеді тек қана осы стипендияны көрсетеді, немесе жалақысы болуы керек. Конституция бойынша кредит алу адамның құқығы. Біз оларға шектеулер қоямыз. Ал табысы жоқтарға әрине кредит берілмейді Ал жұмысы жоқ студенттер үшін, төлеу мерзімі өтіп кеткен берешектерді реттеу тетіктері бар. Ол үшін студенттер банктерге немесе микроқаржы ұйымдарына арыз жазуы керек. Сонда оларға жаңа төлем кестесі жасалады, деді агенттік төрағасы. Ал сарапшылар мәселені шешу үшін кредит беру жасын шектеуді ұсынады. Нұржан БИЯҚАЕВ, БАНК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫ: 21 жасқа дейінгілерге несие бермеу керек деп есептеймін. Қазақстанның банк жүйесінде мұндай тәжірибе бұрын болған. Сондай-ақ, тексеру кезінде табысы қарызын жабуға жетпейтін азаматтарға банк қалай кредит рәсімдейтіні түсініксіз. Жұмыс істесе де, істемесе де 21 жасқа дейін кредит рәсімдеуді заң жүзінде шектеу қажет. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шағын несиелерді электронды түрде беру ережелеріне өзгерістер енгізу жобасын әзірледі. Жоба "Ашық НҚА" порталында 8 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін жарияланған. Оған сәйкес, клиентті жеке кабинетте тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғысы арқылы алынған биометриялық деректерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қызылордада «Ерікті көмекке» желісі іске қосылды
Автожолдардың құрылыс-монтаж жұмыстарына биыл Т595 млрд жұмсамақ
«Беделімізге нұқсан келтіреді». Үкімет басшысы такси жүргізушілерін сынға алды
Алматы облысында Аюсай бөгетінің аймағында топырақ опырылды
Астанада толассыз жауған жаңбырдан көлік қозғалысы "тоқтап қалды"
Бурабайда "Біз біргеміз" атты жас өнерпаздардың концерті өтеді
Кәсіпкер Данияр Абулгазин тасқыннан зардап шеккендерге пәтер алып берді
Ғани Бейсембаев әрбір мектепке учаскелік инспекторларды бекіту мәселесін көтерді
Елде қанша жұмыссыз адам бар
«Қазпошта» АҚ Алматыда ауданы 40 000 шаршы метр болатын қойма салады
Қазақстандықтар маусымда неше күн демалады?
Вячеслав Дудник вице-министр қызметінен босатылды
“Жағдай қиын”: Атырау облысында 9 ауылға қауіп төніп тұр
Аудандық мектеп 26 млн теңгені негізсіз жұмсаған
Президент «Қазпошта» акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын жақсартуды тапсырды
Вячеслав Дудник денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
«Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың тезірек қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз етуіміз керек», – О. Бектенов
Атырау облысында ашық аспан астындағы Сарайшық қалашығына тасқын судан қауіп төнді
Павлодарда жатақханаларға мониторинг жүргізілді
"Жақынымды жерлейтін жер жоқ!",-тұрғын
Қонақ үй ашатын инвесторларға несие беріледі
Батыс Қазақстан облысында ақбөкендер төлдеп жатыр
Тоқаев жаңа министр Жаслан Мәдиевті қабылдады
Қызылордада «Ерікті көмекке» желісі іске қосылды